Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүрегіне пышақ сұққан

c 17:02, 23/01/2020 c 742

0:00 / 0:00

Өзі жоғалтып алған әмияны үшін 34 жасар азаматты өлтірген 1964 жылғы Талғат Тағбергенов енді өмірінің 11 жылын тар қапаста өткеретін болды. Үкім бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында оқылды. Сот төрешісі Бақыт Ермаханов.Өткен жылдың қыркүйегінде Оралдың Зашаған кентінде бірге ішімдік ішкен Талғат Тағбергенов пен  Айболат Бердіғалиев арасындағы дау Тағбергеновтің қалта телефоны мен әмианының жоғалуынан пайда болады. Айыпталушы Тағбергенов жеке заттарын қайда және қашан жоғалтып алғанын білмей рөмкілесі Бердіғалиевтен сұрайды. Кейін жәбірленуші Бердіғалиев 10-15 минуттан соң Тағбергеновтың жеке  дүниелерін өзіне ұсынады да жатып қалады. Осыдан соң ол әмиянын ашып қарап, заттарының жоқ екенін айтып, қайдан және кімнен алдың деп сұрайды. Алайда Бердіғалиев жауап бермейді. Ашуға булыққан Тағбергенов ас үй пышағын әкеліп, қаперсіз жатқан Бердіғалиевтің сол жақ жүрек тұсынан салып қалады.  Алған жарақатының салдарынан Айболат Бердіғалиев оқиға орнында  ұзақ уақыт өтпей жан тапсырады. Оның бұл әрекетін куәгерлер  растаған. Айыпты сотта өзінің бұл әрекетін ішнәра мойындапты. Марқұмның әкесі болса, күдіктімен бұрын таныс болмағанын жеткізді.Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.