0:00 / 0:00
Қазақстан шекарашылары «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында Қытайға заңсыз жолмен киік мүйіздерін алып өтпек болған әрекетті тоқтатты. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 20 қазанда 620 киік мүйізі тәркіленген. Қара нарықтағы олардың құны шамамен 180 миллион теңгеге бағаланады. Аталған дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органға жолданады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.







