Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘЙЕЛГЕ ҰЗАҚ ЖЫЛ БОЙЫ ЗОРЛЫҚ КӨРСЕТІЛГЕН

c 13:10, 23/10 c 1

0:00 / 0:00

Ақтауда Өзбекстан азаматына қатысты әйелді ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленушінің анасының айтуынша, қызы шамамен он жыл бойы бірге тұрған ер адамның зорлық-зомбылығына ұшыраған. Әйелдің сөзінше, ер адам қызын үнемі ұрып, құжаттарын тартып алған және туыстарымен араласуына тыйым салған. Соңғы оқиғадан кейін жәбірленушінің алдыңғы төрт тісі сынып, басы жарақаттанған. Дәрігерлер миы шайқалғанын да тіркеген. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысқан ер мен әйелдің жеке басын куәландыратын және Қазақстанда заңды жүргенін растайтын құжаттары болмаған. Ер адам көші-қон заңнамасына сәйкес қабылдап-тарату орнына орналастырылған. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.