0:00 / 0:00
Қазақстанда Республика күніне орай «RepublicDay» және «BerekeFest» акциялары басталды. 17 қазанда басталған науқан 27 қазанға дейін жалғасын таппақ. Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәліметінше, акция аясында азық-түлік пен өзге де тауарларды жеңілдікпен алуға болады. Ең көп жеңілдік 21-27 қазан аралығында ұсынылады. Бұл күндері дүкендерде арнайы бағалар мен мерекелік сауда ұйымдастырылып, отандық өнімдерге басымдық беріледі.







