0:00 / 0:00
Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері желшешек жұқтырған 20 683 жағдай тіркелді. Дегенмен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4 пайызға аз. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, науқастардың 83,5 пайызы - 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандардың айтуынша, желшешек ауа-тамшы жолы арқылы таралады. Ауру дене қызуының көтерілуі және қышумен қатар жүретін көпіршікті бөртпенің пайда болуымен сипатталады. Көп жағдайда жеңіл өткенімен, кейде ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Әсіресе ересектер, жүкті әйелдер және иммунитеті әлсіреген адамдар үшін аурудың ауыр өту қаупі жоғары.







