0:00 / 0:00
Қазақстан теміржолы 1500-ден астам жолаушылар вагонын Starlink спутниктік интернетімен жабдықтап жатыр. Жоба 51 бағытты қамтиды. Жаңа жүйе жыл сайын 11 миллионнан астам жолаушыға интернет пен цифрлық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бермек. Жолаушыларға мессенджерлерде мәтіндік хабарлама алмасуға арналған тегін интернет ұсыну жоспарлануда. Ал фото, видео жіберу және басқа да қызметтерді пайдалану үшін ақылы пакеттер қарастырылмақ. Сонымен қатар, жолаушыларға арналған SuperApp мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Оның көмегімен бағыттарды іздеуге, пойыз кестесін тексеруге, орын таңдауға және билет сатып алуға болады. Сапар кезінде де қосымша қызметтерді пайдаланып, қажетті ақпарат алуға мүмкіндік туады. Жоба теміржол саласындағы цифрлық қызметтерді дамытуға және жолаушыларға сапар барысында қолайлы жағдай жасауға бағытталған.







