Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік қызметтер уақытша шектеледі

c 13:15, 23/10 c 1

0:00 / 0:00

23-27 қазан аралығында қазақстандықтар жер кадастры мен жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты бірқатар мемлекеттік қызметке өтініш бере алмайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, шектеу Бірыңғай жылжымайтын мүлік кадастрын жаңа мемлекеттік координаттар жүйесіне көшіруге байланысты енгізіледі. Техникалық жұмыстар 23 қазан сағат 19:00-де басталып, 27 қазан түнгі 00:00-ге дейін жалғасады. Осы кезеңде жер кадастры, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық тексеру қызметтеріне өтініш қабылдау уақытша тоқтайды. Ал жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты электронды анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алуға болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.