0:00 / 0:00
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді. Алдағы саяси науқанға байланысты Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері сайлау ережелерін түсіндірді. Кездесуде үгіт-насихат жүргізу тәртібі, оның мерзімі және заң талаптарын бұзғандарға қолданылатын жауапкершілік мәселелері сөз болды.










