Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа министрдің жаңа бағыты

c 08:00, 30/06/2020 c 449

0:00 / 0:00

Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады. Бұл жайында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кезінде айтты.Бұл салаға жаңадан келген министрдің алға қойған жоспарында отандық БАҚ бәсекелестігін арттыру, отандық контентті көбейту бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында  құны 18 млрд теңгені құрайтын  2 мыңнан аса  әлеуметтік жобаға тапсырыс береміз деп отыр.  Журналистикаға кадр даярлау мәселесін де қолға алмақ.

Жаңа министрдің жаңа бағыты. Ақпарат саласына жақында тағайындалған Аида Балаева бірінші есебін беріп үлгерді. Министрдің алға қойған жоспары көп. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының   бәсекеге қабілеттілігін арттырып, адами капиталды дамытып, ақпарат саласын құқықтық реттеуді жетілдірмек. Ал отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бірыңғай порталды іске қоспақ.

Аида Балаева – ҚР ақпарат және қоғамдық  даму министрі «Отандық БАҚ-тарды мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралатын болады. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты оның тиімділігі мен сапасын бағалауды енгізе отырып, республикалық және өңірлік деңгейде орналастырудың бірыңғай жүйесі құрылатын болады».

Күні кеше ғана төл мерекесін атап өткен қазақстандық журналистика әлі де болса шетелдік журналистикамен бәсекеге түсе алмай отыр. Министрлік  отандық  БАҚ-ты қолдау, цифрлық радиохабар мен интернет телевидениені дамыту, бағыттық телеарналар құру, ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру жөніндегі шараларды қолға алмақ.  Мұның бәрі мемлекеттік тапсырыспен жүзеге аспақ. Биыл министрлік құны 18 млрд теңгені құрайтын 2 мыңнана аса әлеуметтік жобаға тапсырыс береді.

Аида Балаева – ҚР ақпарат және қоғамдық  даму министрі «Біздің Медиа нарық тиісті деңгейде дами аламй отыр. Шетелдік контенпен бәсекеге түсу үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру жүйесі эфирде Еларна, Балапан сияқты арналардың болуына мүмкіндік береді. Ертең , "Абай ТВ" және күзге дейін "Әл-Фараби" арнасы  ашылады.  Бұл мемлекеттік тапсырыстың арқасында қол жеткізіп отырған шара. Ал жекеменшік арналар мұндай өнім шығара алмайды. Себебі олар нарықта бәсекеге қабілетті бола алмай отыр».

БАҚ-тың жас қызметкерлері үшін гранттық бағдарламаны іске қосып, кадр дайындау жоспары бар.Айта кету керек, елде тарап жатқан қауіпті індетпен күресте дәрігерлер, еріктілер мен полицейлердің қатарында журналистердің еңбегі орасан. Пандемия барысында ақпарат таратуда денсаулығына төнген қауіпке қарамастан аянбай еңбек етіп жатқан қаншама тілші бар. Өкінішке орай, коронавирус жұқтырғандар қатарында журналистер де  тіркеліп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.