Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстандық құтқарушылар әлем чемпионы атанып, рекорд орнатты

c 14:44, 12/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстандық құтқарушылар әлемдік додада топ жарып, жаңа рекорд орнатты. Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан өрт-құтқару спортынан әлем чемпионатында ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар спортшылар «Жауынгерлік қанат жаю» жаттығуында әлемдік рекордты жаңартты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Қазақстан құрамасы тапсырманы небәрі 24,52 секундта орындаған. Ал күміс жүлде иегері Моңғолия құрамасы бұл кезеңді 25,08 секундта аяқтады. Үшінші орынға 25,45 секунд нәтиже көрсеткен Өзбекстан командасы жайғасты. Осылайша, қазақстандық құтқарушылар қарсыластарынан озып, жарыстың осы түрінен әлемнің үздік нәтижесін тіркеді. Бұдан бөлек, төрт күнге созылған чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Айта кетейік, өрт-құтқару спорты күшті, жылдамдықты және кәсіби шеберлікті талап етеді. Қазақстандық спортшылардың бұл жетістігі ел қоржынына әлем чемпионатының алтын медалін қосып қана қоймай, халықаралық деңгейдегі жаңа рекордпен де ерекшеленді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.