Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қолжетімді ипотека баспана бағасын қымбаттатуы мүмкін

c 14:00, 12/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың көбеюі баспана бағасының өсуіне әсер етуі мүмкін. Себебі төмен пайызбен несие алуға мүмкіндік туған сайын үй сатып алушылардың қатары артады. Ал тұрғын үй құрылысы сұранысқа сай қарқынмен жүрмесе, пәтер құнының қымбаттау қаупі бар. Мұндай болжамды сарапшылар ұсынып отыр. Мамандардың түсіндіруінше, жеңілдетілген несие тұрғындарға бұрын қолжетімсіз болған баспананы сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда нарықтағы сұраныс ұсыныстан жылдам өссе, құрылыс компаниялары мен сатушылар бағаны көтеруге мүмкіндік алады. Соның салдарынан мемлекеттік қолдаудың бір бөлігі жылжымайтын мүлік құнының өсуіне әсер етуі ықтимал. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылы Қазақстан банктері 2 триллион 360 миллиард теңгеге ипотекалық несие берген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға көп. Оның ішінде жеңілдетілген бағдарламалар арқылы берілген несие көлемі 26,2 пайызға өсіп, 1 триллион 670 миллиард теңгеге жеткен. Ал нарықтық ипотека көлемі керісінше 1,4 пайызға қысқарып, 690 миллиард теңгені құраған. Осылайша, жаңа берілген ипотекалық несиелердің шамамен 71 пайызы жеңілдетілген бағдарламаларға тиесілі. Ал 2026 жылдың басында мұндай несиелер банктердің жалпы ипотекалық портфелінің 73 пайызына жеткен. Дегенмен сарапшылар баспана бағасының өсуіне тек ипотеканы себеп деп қарастыруға болмайтынын ескертеді. Оған құрылыс шығындары, жаңа тұрғын үй көлемі, халықтың табысы мен инфляция да әсер етеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.