Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Енді жәрдемақы алушылардың депозиттері тексеріледі

c 14:20, 12/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда 2027 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде азаматтардың банк шоттары мен депозиттері де ескеріледі. Жаңа тәртіп 1 қаңтардан бастап күшіне енеді деп күтілуде. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Құрылтай отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ведомство жәрдемақы алушылардың және олардың отбасы мүшелерінің банк шоттары мен депозиттері туралы мәліметтерді тікелей ала алады. Алайда бұл үшін азаматтардың өз келісімі қажет. Жаңа тетік отбасының нақты қаржылық жағдайын бағалап, мемлекеттік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға бағыттауға мүмкіндік береді. Бұған дейін Үкімет 2027 жылдан бастап мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің тізімін бекіткен болатын. Оған барлығы 10 түрлі жәрдемақы мен төлем кіреді. Жаңа талап бойынша әлеуметтік жағдайы жоғары, яғни «А» және ауқатты деп танылған «В» санатындағы азаматтарға бұл тізімдегі жәрдемақылар мен жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындалмайды. Ведомство өкілдері өзгерістер мемлекеттік көмекті неғұрлым әділ әрі нақты бөлуге бағытталғанын айтады. Ал банк шоттары мен депозиттер туралы ақпарат тек жәрдемақы алушылардың және олардың отбасы мүшелерінің келісімімен беріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.