Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өрттен абай болыңыз

c 17:44, 06/02/2019 c 896

0:00 / 0:00

Астана қаласында болған өрт оқиғасы біздің қоғамды тағы бір сілкіп алды. Қате қайдан дері бар ма, қапыда бес бірдей баласынан өрттің кесірінен айырылған отбасының қайғысы өзгелерге сабақ бола ма.Айтпақшы, біздің облыстағы жағдай қалай.Жұрттың бәрі талапқа сай келетін зәулім үйлерде тұрып жатпағаны белгілі.Жағдайы төмен, өлмешінің күнін көріп жүрген отбасылардағы өрт қауіпсіздігін кім қадағалайды.Саяжайларда тұрып жатырған адамдар ше?  БҚО 2018 жылы 697 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 11 адам ажал құшыпты.Олардың ішінде ішімдік ішіп, өз өмірлеріне балта шапқандар да бар."Өрт оқиғалары адамдардың өздерінің өрт қауіпсіздігін сақтамауы салдарынан болады",- дейді мамандар.Әсіресе жер үйлерде тұратындар көбіне өрт қауіпсіздігіне, қала берді өз өміріне жүрдім - бардым қарайтын кездер аз емес.
Биылғы жыл басталғалы 50 ден астам өрт тіркелген.Олардың ішінде 50 шақты адам құтқарылса, 3 адамды құтқару мүмкін болмаған.Қазір сол істерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.Жер үйлерді, жеке тұрғындардың орынжайларын кез- келген уақытта тексеру мүмкін емес. Үйге үй иесінің рұқсатынсыз баса көктеп кіріп, тексеріс жүргізе алмағасын, ол жердегі қауіпсіздік ережесінің қандай екенін ешкім білмейді.Сондықтан төтеншеліктер тек өрт қауіпсіздігін сақтаңдар, мұқият болыңдар деп қақсағаннан әрі аса алмай отыр. Соған қарамастан насихат жұмыстары, түсіндіру жұмыстары тоқтаған емес.Төтеншеліктер "Қазтрансгаз" АҚ өкілдерімен бірігіп үйлерді аралап тұрады. Есігін ашып, төтеншелікті тыңдаймын дегенге беретн ақыл - кеңестері тегін.
Сақтансаң сақтаймын деген.Өрт қауіпсіздігі баланың ойыны емес, сондықтан да өз өміріңізді қауіпке тікпеңіз. Қауіпсіздік ережелерін сақтап жүрейік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.