Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Қыстың қамын жаз ойла"

c 17:39, 03/09/2020 c 798

0:00 / 0:00

Қыстың қамын жаз ойла демекші, круглоозерныйлық шаруалар мал азығын дайындау үшін білек сыбана жұмыстануда. Қазіргі таңда далалық алқаптарда шөп жинау науқаны жүріп жатыр. Шаруалар техникаларын сайлап, жаңбыр басталғанша жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр.

Круглоозерныйлық шаруалар қазір мал азығын тезірек жинап алу үшін жұмыстанып жатыр. Далалық жерде техникалар таңнан кеш қарайғанға дейін жұмыс жасауда. Мақсат біреу- жаңбыр жауғанша барлық өнімді жинап алу.

Шаруалар биыл шөп өткен жылға қарағанда екі есе аз шыққанын айтады. Бұны мамандар жайсыз ауа-райымен байланыстырып отыр.

Круглозерныйлық кәсіпкерлер әуелі өздерінің шаруа қожалықтарын қамтамасыз етіп, артылғанын өзгелерге саудаламақ. Қазіргі таңда орташа есеппен бір орам шөп 5000 теңгеден саудаланып жатыр. Жекенің қолынан шөп сатып алғысы келмеген жандар орман шаруашылығы мекемесінің мамандарынан рұқсатнама алып, өздері шөп шабуына болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.