Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ЭКОНОМИКАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН

c 14:37, 01/11 c 1

0:00 / 0:00

Инвестиция - ауыл экономикасын дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды тетік. Кәсіпкерлікті қолдау, өндіріс орындарын көбейту және ауылға жеке капитал тарту өңірдің тұрақты дамуына серпін береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер аясында Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында «KAZTALOV-INVEST» екінші аудандық инвестициялық форумы өтті. Жиынның мақсаты - ауданның экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Форумға облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов және бірқатар сала өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Басқосу барысында алдағы жоспарлар талқыланып, жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайтын 26 жоба бойынша меморандумға қол қойылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.