Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүк пойыздарынан 633 миллион теңгенің техникасы ұрланды

c 15:35, 01/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда транзиттік жүк пойыздарының контейнерлерінен қымбат техника ұрлаған қылмыстық топ әшкереленді. Күдіктілер ноутбуктер мен ойын приставкаларын қолды қылып, жүк иелеріне 632 миллион 900 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Бұл іске қатысы бар төрт адам сотталды. Көлік полициясы департаменті мәліметінше, ұрлық Батыс Еуропа елдеріне Қазақстан арқылы бағыт алған жүк контейнерлерінде жасалған. Тергеу барысында Абай облысының төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар алдын ала сөз байласып, жүк пойыздарының контейнерлеріне заңсыз кіріп, ішіндегі бағалы техниканы бірнеше рет ұрлаған. Атап айтқанда, былтыр мамыр айында Жетісу облысындағы Торпалды станциясында Қытайдан Польшаға бағыт алған контейнерден 1019 ноутбук қолды болған. Кейін ұрланған техниканың бір бөлігі Алматы қаласында сатылған. Тергеу барысында көлік полицейлері қажетті жедел-тергеу шараларын жүргізіп, ұрланған техниканың бір бөлігін тәркілеген. Жетісу облысы Алакөл аудандық сотының үкімімен төрт азамат аса ірі мөлшерде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 6 жыл 7 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.