0:00 / 0:00
Оралда Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Кочережкин 99 жасқа толды. Майданға небәрі 17 жасында аттанған қария Қиыр Шығыста жапон әскеріне қарсы соғысқан. Соғыстан кейін де әскери қызметін жалғастырып, елге оралған соң ұзақ жыл еңбек еткен. Бүгінде ардагердің шаңырағына арнайы барған әскери қызметшілер оны туған күнімен құттықтап, құрмет көрсетті.










