Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ САУДАСЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН ТОП ҰСТАЛДЫ

c 16:52, 03/11 c 1

0:00 / 0:00

Ақтөбе облысында есірткі саудасынан түскен ақшаны қабылдап, оны аударумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Операцияны Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті жүргізді. Тергеу мәліметінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде ақша айырбастау тобын ашып, оған жеті адамды тартқан. Қатысушылар жұмыс тәртібін өзара бөлісіп, күндіз-түні кезекшілік атқарған. Осылайша, заңсыз төлемдер тәулік бойы қабылданып отырған. Есірткі сататын интернет-дүкеннің операторлары сатып алушыларға тауар ақысын осы топ арқылы төлеуді ұсынған. Қаражат түскені расталған соң, клиенттерге есірткі жасырылған орындардың мекенжайы мен координаттары жіберілген. Анықталғандай, топ күн сайын 50-ден 70-ке дейін ақша аудару операциясын жүргізген. Қаржы қабылдау үшін өзге адамдардың атына рәсімделген 22 банк картасы пайдаланылған. Кейін жиналған қаражат криптовалютаға айырбасталып, есірткі саудасын ұйымдастырушылар бақылайтын криптоәмияндарға аударылып отырған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.