Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПӘТЕРДЕН ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

c 17:09, 03/11 c 1

0:00 / 0:00

Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін шағын зертхана жойылды. Бұл туралы 2 қарашада Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, полицейлердің назарына 34 жастағы қала тұрғыны іліккен. Ол көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде мефедрон есірткісін өндіруді жолға қойған. Күдікке ілінбеу үшін зертхананы ғимараттың соңғы қабатына орналастырып, улы иістер сыртқа таралмас үшін ауа сорғышты үйдің желдету жүйесіне жалғаған. Пәтерді тінту кезінде бір келі дайын есірткі, кристалдары бар алты шыны ыдыс, дихлорметан құйылған алты бөтелке, химиялық реагенттер сақталған тоғыз канистр, зертханалық құрал-жабдықтар, электронды таразылар мен қорғаныс құралдары табылды. Жалпы тәркіленген есірткінің салмағы 4,5 келіні құраған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.