Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қозғалыс азайды

c 18:19, 02/04/2020 c 301

0:00 / 0:00

Орал қаласында енгізілген төтенше жағдайға байланысты қоғамдық көліктер саны екі есе қысқартылды. Көптеген мемлекеттік мекемелер қашықтан жұмыс жасау режиміне көшкендіктен қалада қатынас азайған.Бұған дейін Орал қаласында 400-ден аса қоғамдық көлік түрлі бағытқа қатынаған болса, енді 200 автобус таңғы 6-ден кешкі 7-ге дейін жұмыс жасауда. Ал олардың аралық уақыт айырмашылығы 15 минуттан 30 минутқа дейін жетеді. Қоғамдық көліктер саны уақытша шектелгенмен барлық бағыт бойынша маршруттар әдеттегідей қатынуда.Қоғамдық көліктер санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, шектеу режиміне сай қызмет етуде. Сондай-ақ жолаушыларды автобустардағы орын санының 40 пайызына ғана отырғызуы керек. Ал такси қызметіндегі жеңіл автокөліктер үш адамнан артық жолаушыны мінгізбеуі тиіс.ҚР-ның «автомобиль көлігі» және «Автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидалары туралы» заңына сәйкес таксилер компанияларға тіркелуі керек. Қаламызда такси қызметін ұйымдастырып отырған төрт компания ғана бар. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында тұрғындар осы тіркелген такси компанияларының қызметін пайдалану қажет.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.