Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қауіпті аумақ

c 16:24, 21/08/2020 c 511

0:00 / 0:00

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының аумағы тазаланып , санитарлық талаптар сақталып тұрады. Орталықтағы Ковид-19 жұқтырған науқастардың барлығы бір ғимаратқа көшірілген. Осы кезге дейін медициналық мекемедегі науқастардың ең көп саны 160 адамға дейін жетіпті. Қазір бұл сан 4 есеге азайды. Ауруханадағы бұған дейін сақталған оттегінің көлемі артқан. Бұл тыныс алуы қиын науқастарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ медициналық мекеме қосымша жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын алды. Тағы бір мәселе шешімін тапты. Медициналық мекеме сатып алған планшеттер қазірдің өзінде қолданыста. Дәрігерлер арнайы костюм киюге 6 минут уақыт кетуі мүмкін екенін айтады. Бұл кезде барлық қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс. Барынша сайланып, қорғаныш құралдарын қамтамасыз еткен соң ғана дәрігерлер науқастарға көмек көрсетуге аттанады. БҚО пандемия басталғалы бері 6600 астам адам коронавируспен ауырып, олардың 86  қайтыс болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.