Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бөкей Орда ауданында жатақхана салынды

c 17:17, 05/02/2019 c 1414

0:00 / 0:00

Бөкей Ордасы ауданының орталығында былтыр су жаңа оқушылар жатақханасы салынып, оқу жылының басында қолданысқа табысталған. 70 орынға шақталған екі қабатты жатақханада балалардың жатып алаңсыз білім алуына бар жағдай жасалған. Мәншүк Мәметова атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің жанынан ашылған аталмыш интернатқа Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы білім ордасының оқушылары да орналастырылыпты. Екі мектептің шәкірттеріне баспана болып отырған су жаңа жатақхананы ауданға жұмыс сапарымен барған өңіріміздің бірқатар лауазымды тұлғалар аралап көрді. Бүгінде Бөкей Орда ауданында 9 орта және 9 бастауыш білім беру ошақтары жұмыс жасап тұр. Орта мектептер аудан орталығы мен округтерде орналасқан болса, бастауыш мектептері бар шағын елді-мекендердің оқушылары бастауыштан шыққасан округтерге барып білім алуға мәжбүр. Сайхындағы бұрыңғы интернаттың сиқын көрген облыс әкімі былтыр жаңа жатақхана салуды жеделдетуді тапсырған. Міне соның нәтижесінде бір жылдың ішінде екі қабатты жаңа жатақхана бой көтеріп, жаңа оқу жылында пайдалануға берілді.
70 орындық жатақханада қазір балаларға толы. Мұнда тек М.Мәметова мектебінің ғана емес екінші Мұхаммед-Салық Бабажанов атындағы білім ордасының да оқушылары жатып оқып жүр. Екі қабатты еңселі жатақхананың ішіне кірсеңіз, кірсе шыққысыз. Шәкіртке керек жағдайдың бәрі бар, балаларға қалған енді тек алаңсыз білім алу ғана.
Жаңа нысанмен танысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары бос бөлмелерге балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған түрлі шеберханалар ашуға ұсыныс жасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.