Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана қашан бұйырады?

c 17:14, 24/02/2020 c 701

0:00 / 0:00

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде тұратын 122 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің 121 түлегі тұрғын үй кезегінде тұр. Біреуінің жасы 29-дан асып кетуіне байланысты тұрғын үй кезегіне қойылмаған. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 68-бабы 6-тармақашасына сәйкес, 2011 жылдың шілде айында заңнама актілеріне өзгеріс енгізілгеннен кейін ғана «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тұрғындары үй кезегіне алынды.Жасөспірімдер үйінің ғимараты 1958 жылы салынған. 2002 жылдан бастап «Шаңырақ» жасөспірімдер үйі жетім балаларды қамқорлайтын мекемелерде тәрбиеленген, 16-23 жас аралығындағы түлектердің әлеуметтік бейімделуден өтуіне арналған нысанға айналды. Ғимаратта 106 адамға арналған 74 бөлме бар, оның елуі бір кісілік орынға лайықталып салынған. Қазіргі кезде жасөспірімдер үйінде балалар үйінің 114 түлегі тұрып жатыр. Оның ішінде 35-і - отбасылы, 12-сі - жалғыз басты аналар. Олардың балаларының саны 80-нен асып кеткен.«Шаңырақтағы» аядай бөлмеде тұрып жатқан Айнагүл Өтеғалиева 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрғанын айтты.Облыс бойынша «Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 1871 адам үй кезегінде тұр. 2016-2019 жылдары мемлекеттік бағдарламалар ауқымында осы санатқа жатқызылған тұрғындарға 125 пәтер берілген. Ал биыл жоспар бойынша үш үй салынады деп жоспарлынып отырған көрінеді. Алайда бұл санаттағы тұлғалардың нешеуі тұрғын үймен қамтылатынын сала мамандары да дөп басып айта алмады. Шаңырақтағы қамқорлыққа алынғандардың қатарында жасы 18 бен 23 аралығындағы 11 адам, 23-29 жастағы 63 адам, жасы 29- дан асқан 40 адам бар. Мұндағылар коммуналдық төлемге бір тиын төлемейді. Әр бөлме жылумен, сумен, жарықпен қамтылған. «Шаңырақ» жасөспірімдер үйін күтіп ұстауға жылына облыстық бюджеттен 17 миллион теңге бөлінеді. Жасөспірімдер үйіндегі тұрғындарының көптігіне байланысты соңғы жылдары балалар үйінің түлектеріне осынай уақытша тұрғын-жай беруге мүмкіндік болмай отырған көрінеді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.