Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік бағасын бақылау

c 19:14, 23/11/2018 c 593

0:00 / 0:00

Келер желтоқсанда күллі қазақстандықтар көптеген мерекені тойлап өтеді. Мерекені тойлауға келгенде дүкен сөресіндегі азық-түліктің бағасы құбылып, қалтаны қағып жататыны жасырын емес. Бұл, әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған азаматтарға қиындық тудырып жатады. Мерекенің қарсаңында шаһар басшысы қала көлемінде қызмет жасап жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Әкіммен кездесуге алып дүкендердің иелері, тауар өндірушілер келген-ді.

Шаһар басшысы қала аумағында сауда-саттықпен айналысатын ірі кәсіпкерлердің басын қосты. Негізгі мақсат  азаматтар мереке кезінде дүкен мен базарлардағы бірінші тұтынатын тауардың бағасын  шарықтатпау.

Дүкен сөресіндегі тауар түпкілікті тұтынушының қолына түскенше, біраз делдалдан өтіп, саудаланады. Бұның баршасы тауардың бағасына өз әсерін тигезетіні сөзсіз. Шаһар басшысы кәсіпкерлерге әлеуметтік тұрмысы ақсап тұрған жандарға арнап супермаркет пен базарлардан әлеуметтік бұрыш ашуды туралы ұсынысын білдірді.

Әкіммен кездесуге келген кәсіпкерлердің баршасы жақын уақытта азаматтардың бірінші тұтынатын тауарларының бағасын бірқалыпты ұстап тұру үшін, қолға алатын шараларын жасақтап, таныстырулары керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.