Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зорлық-зомбылық азаяр емес

c 19:43, 06/12/2019 c 924

0:00 / 0:00

Отбасындағы зорлық-зомбылық көрсеткіші артып отыр. 2017 жылы 446, 2018 жылы 919, ал ағымдағы жылы 759 осындай факт тіркелген.Бұл жайында бүгін

Орталық коммуникациялар қызметінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа заң жобасының нормасы талқылау барысында айтылды. Статистика бойынша кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық қарым-қатынас бойынша 741 қылмыс тіркеліп отыр.

Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акицясы аясында отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа заң жобасы ұсынылды. Әрине зорлық зомбылықпен күрес шаралары жүргізілуде. Әйелдерді қорғайтын аранйы ұйымдар жұмысын күшейткен. Бірақ осыған қарамастан отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар саны азаяр емес. Өткен жылы 919 қылмыс орын алса, ағымдағы жылдың тоғыз айында 759 қылмыс жасалған. Оған не себеп?

Өкініштісі жас жеткіншектерге қатысты зорлық-зомбылық қылмыстары да белең алуда. Тек осы жылы 741 қылмыс кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жасалған.

Амантай Әубәкіров – ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының М.А; «Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жынытыстық қарым-қатынас бойынша 741 зорлық көрсету қылмысы тіркелді. Соның ішінде 336 қылмыс 16 жасқа толмаған жеткішектерге қатысты болды. Көп жағдайда жәбірленуші өз барып,оны жасырады да, кейін бұл қылмыс анықталып жатыр»

Прокуратураның статистикасына  сүйенсек, өткен жылы зорлау бойныша елімізде 1450 оқиға тіркелген. Оның 1132 әйелдерге қатысты болса, 231 балаларға қатысты. Өкінішке орай зорлық-зомбылық бойынша ТМД елдері ішінде Қазақстан алдыңғы орында тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.