Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жыландар көбейіп кетті

c 17:53, 25/06/2019 c 1002

0:00 / 0:00

Орал қаласына қарасты Зашаған кентінде жылан көбейіп кетті. Әсіресе кешке қарай шеткі үйлердің ауласында бауырмен жорғалаушылардан аяқ алып жүру қиын екен. Мазасы кеткен тұрғындар пәтер иелерінің кооперативіне, өзге де тиісті мекемелерге хабарласқанымен, әзірге жыландарды аулаумен шындап шұғылданып жатқан ешкім жоқ. Экологтар болса, табиғаттың мұндай тосын құбылысының сырын биыл өзен-көлдерге су түспеуімен байланыстырады. Жайық өзені тасымай, қар суы түспеген соң кенттің оңтүстігіндегі Анискин көлі де тартылып кеткен. Азығы азайып, саялайтын жері қалмаған жорғалаушылар амалсыздан шаһарды «шабуылдауға» мәжбүр дейді мамандар. Ал осы мекенжайдағы үйді күтіп баптаумен шұғылданатын «Орнату» ПИК өкілдері болса алдағы дүйсенбі күні дезинфекциялық шаралардың жүретінін мәлімдеді. Жалпы мұндай жағдай облыс орталығында көптен болмаған. Сол себепті тұрғындар үрейінің ұшуы қалыпты жағдай секілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.