Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүзге жуық оралдықтар шаңғымен жүгірді

c 17:41, 01/03/2021 c 358

Оралда қыс маусымын шығарып салуға арналған көпшілік шаңғы тепті. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен шараға спортты серік еткен 100-ден астам оралдық қатысты. Шара қорытындысында маусымның белсенділері марапатталды. Сондай-ақ бұл көпшілік шаңғы тебу шарасында арқа бұлшық еті атрофиясы диагнозы қойылған Эмир Шахмаровқа көмек жиналды. Түс ауа бүлдіршіндерден бастап зейнет жасындағы адамдарға дейін аяқтарына шаңғы байлап, бастау сөресіне тізілді. Шаған арнасы бойымен үш шақырымды жүріп өткендер қатарында қала басшысы Абат Шыныбеков те болды. Қыстың соңғы күні болғанымен, аяздың беті әлі қайта қоймады. Дегенмен, шаңғы спортының әуесқойларына бет қарыған аяз да кедергі болған жоқ. Белгіленген қашықтықты еңсеру үшін шеберліктерін көрсетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.