Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жүргізуші куәлігі қажет емес

c 19:44, 21/01/2021 c 664

0:00 / 0:00

Енді жүргізуші куәлігін өзіңізбен алып жүрудің қажеті жоқ. Тек жеке куәлігіңіз қасыңызда болса болды. Бүгін Парламент Сенаты көлік жүргізуге қатысты осы жаңашылдықтарды қамтыған заң жобасын қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді. Айта кету керек, «Жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген еді.

Жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, көлікті тіркеу куәлігі. Қалта толы құжат. Жол ережесін бұзып жатқан жағдайда полиция тоқтатып жатса, осы құжаттардың барлығын көрсетуге тиіссің. Ал егер жүргізуші куәлігі мен автокөліктің құжаты болмай қалса,айыппұл төлеп әрең құтыласың. Енді сенат енгізген өзгерістерге сай, қазақстандық автокөлік жүргізушілерге барлық құжатты өзімен бірге алып жүру міндеті емес. Тек жеке куәлігіңіз қасыңызда болса жеткілікті.

Алайда бұл норма  шетелдік  жүргізушілерге қолданылмайды. Сондай-ақ, ресей, армения елдерінен әкелінген көлік иелері көлікті тіркеу куәлігін өзімен алып жүруі керек. Депутаттардың бастамасымен әзірленген жобадағы тағы бір жаңалық- ескі автобустарды тіркеуге тиым салатын норма енгізілді. Себебі, ескі қоғамдық көліктер жол көлік оқиғасына бірден-бір себін тигізіп отыр дейді сенаторлар. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жылда Қазақстанда 46 мыңға жуық жол апаты болған. Соның салдарынан 60 мың 500 жуық адам әр түрлі деңгейде жарақат алып, 6 мың 498 адам көз жұмды.  Бүгінгі күні республика бойынша әрбір үшінші автобус жиырма жылдан астам уақыт бойы жолаушыларды  тасымалдап жүр.

Жол жүрісін реттеуді қолға алған депутаттардың қабылдаған заң жобасы ендігі президенттің қол қоюына жолданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.