Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұқпалы вирус

c 17:54, 23/01/2020 c 695

Батыс Қазақстандық санитарлық дәрігерлер Қытайда таралып, әлем жұртшылығын үрейлендіріп отырған коронавирусты анықтауға сақадай саймыз,- дейді. Қазіргі таңда аталмыш вирус Жапония, Оңтүстік Корея мен Тайландта тіркеліп, Қытайда 200-ден астам адам қаза тапқаны белгілі болыпты. Ауа тамшылары арқылы адамнан адамға жұғатын қауіпті кесел аспан асты еліне қарасты Ухань қаласында алғаш тіркелген. Аталмыш шаһарда теңіз өнімдері саудалатын базарда жабайы жануарлар да сатылған деген ақпар бар. Сол базардан жұқпалы вирус таралыпты. Қазіргі таңда Ухань тұрғындарына қаладан шығуға тыйым салынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қызметкерлері кеселден келетін қауіпті зерттеу үшін жақын күндері Қытайға аттанбақ. Қазақстандық дәрігерлер темір жол, автовокзал мен әуежайда шетелдік азаматтардың дене қызуын тексеруді бастады. Сала мамандары жұқпалы вирустан қорғану үшін қоғамдық орындарда бетперде киіп, қолды сабындап жуып, тұмауратып отырған жандармен қарым-қатынасқа түспеуге кеңес береді. Кеселдің симптомдары тұмауға ұқсас болып, дене қызуы көтеріліп, өкпе қабынады. Аталмыш вирусқа төтеп беретін вакцина жоқ. Бірақ, сырқатқа шалдыққан жандарды дәрігерлер шағымдарға байланысты емдейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.