Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жоспар бекітілді

c 17:19, 20/06/2019 c 580

Бүгін кәмелекетке толмаған балалардың құқығын қорғайтын комиссиясының көшпелі отырысы "Атамекен" лагерінде өтті. Комиссия мүшелері қала аумағында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселесін ортаға салып, үш айға жоспарланған жұмыстарын бекіткен еді. Биыл жазда қала оқушыларының 80 пайыздан астамы жазғы лагерьмен қамтамасыз етілмек.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғаумен айналысатын комиссия мүшелері өзекті тақырыпты талқылау мақсатында арнайы "Атамекен" лагерінде бас қосты. Бүлдіршіндермен кездескен қала әкімінің орынбасары, оқушыларға қызықты демалыс тілеп, сурет сайысында жеңімпаз болған жеңімпаздарды марапаттады.

Биыл қала оқушыларының 80 пайыздан астам жазғы лагерьмен қамтылмақ. Ал, бұдан өзге кәмелекет толмаған жандардың арасында түрлі қылмысты болдырмау үшін арнайы "Назар аударыңыз. демалыс" атты бағдарламаның жоспары бекітілді.

Сонымен қоса, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін қала көлемінде 20 аула клубы жұмыстануда.

Оқу жылын аяқтаған оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру күн тәртібінен түспейтін сауалдың бірі. Кәмелетке толмаған жандардың жазғы демалыстарын қызықты өткізуі мен олардың жаңадан білім алуы үшін қала көлемінде мектеп жанынан құрылған лагерьлер арнайы орталықтар қызмет жасайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.