Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жомарт жүрек

c 16:53, 15/11/2019 c 822

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Жомарт жүрек-2019" меценаттар форумы өтті. Форум барысында күні кеше ғана қыз баланы ажалдан алып қалған арнайы жасақ өкілі Еркебұлан Сапанов мараптталды. Мақтануға тұрарлық ұл тәрбиелеген ата - ана ел қошеметіне бөленіп, арнайы алғыс хатқа ие болды.

Облыс орталығында жыл сайын дәстүрге айналған "Жомарт жүрек" сыйлығы табысталды. Биыл облыс бойынша 689 млн 438 мың теңге 138 меценат түрлі жобаны қолға алған.

Биыл ұйымдастырылған "Жомарт жүрек" шарасында елге қаржылай қолдау көрсеткен жандардан бөлек, өмірін қатерге тігіп, қыз баланың өмірін өлімнен арашалап қалған полиция капитаны Еркебұлан Сапанов марапатталды.

Сондай-ақ, биыл тағдырдың сынына мойымай, қазір көпке үлгі болып, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге арнап арнайы құрылғы жасап, оны балаларға сыйлап жүрген "Демеу" мүгедектерді қолдау қоғамы" "Жыздың үздік ұйымы" деп танылды.

Ауылдық ағайынға қол ұзын созып, ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын өтеп жүрген жандар "Туған өлке" аталымы бойынша марапатталды.

Биыл Орал қаласында меценаттар мен мектеп түлектерінің мұрындық болуымен 10 жоба жүзеге асыпты. Атымтай жомарт жандар 48 млн теңгедей қаражатты ел игілігіне жұмсаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.