Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлық індет – жою міндет

c 17:53, 30/10/2020 c 506

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы тамыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басты мақсат деген болатын. Бұл бағытта бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. 2020 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және болдырмау мақсатында департаментпен 9 мемлекеттік орган мен ұйым қызметтеріне сыртқы талдау жүргізілді. Аталмыш мекеме қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Ал жер қатынастары саласындағы тексеріс нәтижесінде 4 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталса, екі қылмыстық іс тіркеліпті.
Мемлекеттік сатып алуда айлакерлер жетерлік. Нақты айтатын болсақ, бағаны өсіріп көрсету фактілері бойынша 600  астам бюджет әкімшісіне ұсыныс хаттар жолданған. Алдын алу жұмыстары арқасында 356 млн. теңге қаражат үнемделсе, оның ішінде 220 млн. теңгесі бюджетке қайтарылды. Жоғарыда атап өткендей, 9 мекеменің өзінде 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі тіркелген. 2018-2020 жылдар аралығында мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық бойынша 36 іс сотқа жолданса, 7 бірдей лауазымды тұлға сотталған. Бұл тек әшкере боп, қолға түскендері. Ал әзірге тексеріске ұшырамай, пара мен жемқорлыққа жол беріп жүрген салалар аз емес.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.