Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жатақхана маңы күл-қоқыс

c 17:32, 09/04/2021 c 645

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы Хамит Чурин 119 мекен-жайы бойынша орналасқан жатақхана маңы қоқыс қалдықтарына толы. Тіпті, аяқ басар жер жоқ. Жағымсыз иіс маңайды толығымен жайлаған. Төменгі қабаттағы тұрғындар бөлмеде жүрудің өзі мұңға айналды дейді. Ал кішкентай балалар болса аулада осы ауаны жұтып, алаңсыз ойнайды. Учаскелік медбике бүлдіршіндер түрлі ауруларды жұқтырып ала ма деп қорқады.
Осындай мәселенің туындауына тұрғындардың өздері кінәлі болып шықты. Барлық қоқысты жатақхананың жоғарғы қабатындағылар терезеден жерге лақтыратын көрінеді. Ал оның зардабын төменгі қабаттағы жанұялар тартып отыр. Жатақханадағы түйткілді мәселе ПИК қызмет көрсетуден бас тартқан кезде басталған.
Тұрғындар түрлі коммуналдық төлемдер бойынша 5 млн теңгеден астам ақша бережақ екен. Ал айнала шашылған қоқыстың жиналуына тұрғындардың өздері себепкер. Сондықтан өз аулаларын өз күштерімен тазартулары қажет. Десе де әкімдік тарапынан шаралар қабылданып жатыр.
Жалпы аталмыш жатақханада 120 пәтер бар.Тұрғындардың басым бөлігін қоқыстан қайтсек құтыламыз деген сұрақ мазаламайтын сияқты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.