Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жасыл ел" жеміс бағы

c 16:55, 22/10/2020 c 453

"Жасыл ел" жастарының саябақтарды абаттандырудағы үлестері зор. Бұл жөнінде "Жасыл ел" еңбек жасақтарының 16-шы маусымын қорытындылау шарасында айтылды. Жазғытұрым жұмыстарын бастайтын, басым бөлігі студенттерден құралған жасақтар облыс орталығын жасылдандыруда коммуналдықтарға үлкен қолғабыс жасаған болатын.

Жаз бойы тырбанып еңбек еткен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 16-шы маусымы қорытындылады. Биыл Батыс Қазақстан облысында 1175 сарбаз еңбек жасақтары қатарында қызмет еткен. Соның ішінде 460 жасыл елдік қаланы көгалдандыруға атсалысты.

15 жылдық тарихы бар Жасыл елдіктердің Деркөл кентіндегі орталық саябақты абаттандыруғы еңбектері зор болып отыр. Осы жерде жасыл ел жеміс бағы орналаспақ. Алдағы уақытта жігерлі жастар облыс орталығындағы барлық саябақтарға өз қолтаңбаларын қалдыру жоспарлары барын жеткізді.

Деркөлдегі бұл саябақта бір ай бойы 175 сарбаз тазалық жүргізіп, 15 камазға жүк болар қоқыс қалдықтары мен құлаған, қураған ағаш шығарылған. Саябақ 6 гектар аумақты алып жатыр. Аатылмыш саябақтағы спорттық алаң жабыны жаңартылып, ағаш түптері әктелген және ойын құрылғылары сырланып, қайтадан қолданысқа беріліп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.