0:00 / 0:00
Орал қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының XXII еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті. Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шара жастарды еңбекке баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталды. Биылғы маусымда жүздеген жас қала мен өңірді абаттандыру жұмыстарына тартылатыны айтылды. Толығырақ келесі сюжетте.










