Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа үйлер неге жылусыз қалды

c 18:10, 25/02/2021 c 416

Тасқала ауданында криминалдық ахуал тұрақты болғанымен, әлеуметтік сала ақсап тұр. Өйткені осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген су жаңа көп қабатты бірнеше үй тұрғындары үш күннен бері жылусыз отыр. Салдарынан қақаған қыста қайда барарға білмеген жұрт ауылдағы ағайынды аралап кеткен.Ақпанның ақ бораны мен саршұнақ аязы ауылдық ағайынды алқымынан алып тұр. Бұл осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген Жеңіс шағын ауданындағы үш қабатты 16-шы және 18-ші үйлерде электр желілерінде ақау тіркеліп, жарық өшіп, салдарынан жылу жүйесі істен шыққан. Қақаған қыста жылусыз қалған тұрғындар жылы қонысын тастап ауылдағы ағайындарының үйлерін паналауға мәжбүр.Бұл үйлердің тұрғындары осындай мәселе осыдан бұрында бірнеше мәрте тіркелгенін, алайда істің дәл осылай насырға шаппағанын айтады. Барар жерлері жоқ тұрғындар амалсыздан жылыту пештерін қосып, жергілікті биліктен көмек күтіп отыр. Үй тұрғыны Ботакөздің айтуынша, осыған дейін құтқарушылар бірнеше мәрте келгенімен, қажетті құрылғыларының жоқтығынан еш нәрсе жасамай кетіпті. Яғни екі күннен бері 48 отбасы жылусыз отыр.Апатты жағдайға байланысты аудан әкімдігіне ат басын бұрдық. Әкімді жұмыс орнынан таппадық. Хатшы қызметкер Алдияр Сансызбайұлының облыс орталығына жұмыс барысымен іссапарға кеткенін мәлімдеді. Ұялы телефонына хабарласқанымызда проблеманың шешу жолдары қаралып жатқанын айтты. Ал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі апатқа байланысты жоспардан тыс комиссия құрылып, тексеру шараларының жүргізілетінін мәлімдеді.Яғни сала мамандары проблеманың қашан шешілетінін дөп басып айта алмады. Дегенмен үй құрылысының жобасы барысында кеткен қателіктер болса, аудандық архитектура бөлімі де жауапкершілікке тартылатын жасырмады. Ескере кететін бір жағдай- бұл үйлер жарық сөнген кезде қосымша жылыту тетігіне қосылмайды. Осы орайда жылыту қондырғыларының балконда орналасуы да "құрылыста кеткен қателіктің бірі ме?"- деген сауалды тудырады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.