Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа тағайындау

c 17:35, 13/06/2019 c 1157

0:00 / 0:00

Бүгін облыс актиівінде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихаттың келісімімен  Батыс Қазақстан облысының әкімі болып  тағайындалды. Президент әкімшілігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев облыс әктивіне жаңа әкімді таныстырды.  Бақытжан Сағынтаев облыс активінде Президент жүктеген міндеттерге тоқталып ең басты басымдықты жұмыссыздықпен күресуге жұмсау қажеттігіне тоқталды. Ғали Есқалиев 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген. Әр жылдары «Тұран-Әлем банк» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық Ортаны регенерациялау басқармасының басшысы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Облыс активінде БҚО-ның бұрынғы, "Нұр – Сұлтан" қаласының су жаңа әкімі Алтай Көлгінов Ақжайық жұртшылығына алғысын білдіріп, абыройлы еңбек еткен 7 жыл ішінде мемлекеттік басқару жүйесінде мол тәжрибе жинағанын айтып, талай бір туар тұлғаларды өмірге әкелген қасетті өңір тұрғындарына жақсылық тіледі. Айта кетейік, Ғали Есқалиевтің әкесі Нәжімеден Есқалиев 1986 жылдан 1993 жылға дейін Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысын басқарған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.