Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа мұз алаңы

c 12:15, 31/12/2019 c 1750

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы мұз айдыны спорт сарайы жанынан жаңа хоккей алаңы ашылды. Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен БҚО шайбалы хоккей федерациясы салған көп функционалды хоккей алаңы қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің меншігіне берілген.Торлы қоршау салынған хоккей алаңының ені - 24, ұзындығы - 42 метр. Бұл нысан допты және шайбалы хоккей ойнауға және көпшілік сырғанау үшін жалға беріледі. Жазғы кезеңде жасанды көгал төселіп, футбол ойнау мақсатында пайдалануға болады.Спорт мектебінде мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шаңғы тебу, шайбалы және допты хоккей секциялары қызмет етеді. Мұз айдыны спорт сарайында жаттығатын 528 баланы 20 бапкер тынымсыз баулиды. Жыл сайын мектепке келетін балалар саны көбеюде. Көпшілік сырғанауға аптаның сенбі және жексенбі күндерінде рұқсат етілген. Енді жаңа мұз айдыны бұқараны кеңінен тартуға мүмкіндік туғызады. Көпшілік үшін жалға беру ақысы Жаңа жыл мерекесінен кейін белгілі боламақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.