Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа маусымға дайындық

c 16:09, 18/02/2019 c 457

Оралдың Ақжайығы Түркия жерінде ұйымдастырылған оқу -жаттығудан оралды. Ақжайықтық аяқ допшылар өткен маусымда премьер-лигада ойындарынан есе жіберіп, ойсырай ұтылғаны есімізде. Оралдық спортшылар оқу-жаттығу жұмыстары барысында бірнеше командамен кездесіп, тәжірбие жинақтады. Ойын барысында жергілікті құрама бірде қарсыластарынан айласын асырса, енді бірде жеңіліс тауып жатты. Сондай-ақ, биылғы маусымда команда сабында өнер көрсететін спортшылардың тізімі де жасақтала бастаған. Мәселен, Ақжайықтың қақпашысы Сергей Ткачук пен жергілікті ойыншылар Бауыржан Омаров, Руслан Хаиров пен Владимир Покатиловтың өнер көрсететіні белгілі болды. Ал, өткен жылы "Байқоңырдың" құрамында ойнаған Ерболат Рүстемов Ақжайыққа ауысты.

Сергей Зайцев,
"Ақжайық" фк бас бапкері:
- Демалыстан кейін бас қосқан команда алғашқы жиынын аяқтады. Меніңше біз өте үлкен жұмыс атқардық. Әсіресе, жеке жаттығулар өз әсерін береді деген ойдамын. Ойыншылардың командаға үйренісіп, физикалық күшін қалпына келтіру сияқты ойға алған жоспарларымыз түгелімен орындалды. жаңа ойыншылар келді. Әзірге команда алпыс пайызға жасақталды деуге болады. Алдағы күндері тағы бірнеше ойыншы келеді. Өте қиынға соққан алғашқы жиынның бар ауырытпашылығын көтерген жігіттерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Кейбір жас ойыншылар алғаш рет толыққанды жиынға келгеніне қарамастан, барлық сынға төзе білді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.