Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа құрылғы көз ауруларын емдейді

c 15:47, 12/01/2022 c 1124

0:00 / 0:00

БҚО-ның көпбейінді ауруханасында көз ауруларын емдейтін жаңа құрылғы іске қосылды. Алғашқы жасалған ота да сәтті аяқталды. Дәрігерлер жаңадан алынған микроскоп құрылғысының пайдасы мол дейді. Енді жергілікті тұрғындардың денсаулықтарын тегін қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды. Көз жанарының көптеген ауруларының алдын алып қана қоймай, емдеу барысында да пайдаланатын микроскоп құрылғысы Швейцария елінде шығарылған. Облыстық көпбейінді аурухананың офтальмология бөлімінде бұған дейін де аталмыш санаттағы апараттар болғанымен олардың дені ескірген, әрі замануй талаптарға сай келмейді екен. Ал алғашқы ота Ақжайық ауданының тұрғыны Тастаев Амангелдіге жасалды. Ол бүгін жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында болып, ертең жалпы палатаға ауыстырылмақ.Айта кеткен жөн, бөлімде көз қысымы мен көз тамырларының жарылуы сынды ауруларға дауа табылады. Мұнда емдеу тегін жүргізіледі. Азаматтар тұрғылықты жері бойынша дәрігер жолдамасы арқылы емделе алады. Бөлімдегі 6 дәрігер біліктілігін Мәскеу қаласында арттырып келген.Ал күніне бұл бөлімде 50-ге тарта ота жасалады. Дәрігерлер соңғы кезде көз ауруларына шалдығушылар қатары жасарып келе жатқанын да жасырмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.