Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа кешен

c 16:18, 18/02/2019 c 642

0:00 / 0:00

БҚО қоқыстарды іріктеуге арналған жаңа кешен іске қосылды. Аталмыш жоба финдік инвесторлардың арқасында өз жұмысын бастап отыр. Өткен жылы Оралдың іргесінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон финдік компанияның қол астына өткен еді. Бүгінде жаңа кешен қоқыстарды іріктеп, қайта өңдеуге жарамдысын Ресейге жөнелтуді көздеп отыр.

Орал қаласында тұңғыш рет қоқыстарды іріктейтін кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жобаның жалпы құны 400 млн теңгені құрайды. Қатты тұрмыстық қалдықты қайта өндіріп, одан газ алуды көздеген финдік компания аталмыш полигонды басқаруды қолға алған еді. Шетелдік мамандар қоқыстан газ алмас бұрын, жобаны үш кезеңге бөлген. Бүгінде іріктеу кешені арқылы қоқысты сұрыптап, қайта өңделетін тауарларды Ресейге саудаламақшы.

Жаңадан іске қосылған зауытта 45 адам жұмыс жасайды. Келешекте, олардың санын арттыру көзделіп отыр. Қоқысты сұрыптайтын азаматтар жұмыстың жеңіл екендігін айтады.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон оралдықтардың қордаланған мәселесі еді. Жаз болса қолқаны алған иіс пен үнемі өртке оранып жатқан нысан азаматтарға бірталай қолайсыздық тудырды. Өткен жылдары аталмыш проблеманы отандық компания шешуге ниеттенген еді. Алайда, бұл жоспар жүзеге аспады. 2018 жылы полигон финдік компанияның басқаруына берілді. Шетелдік мамандар біздер пайдаға асыра алмай отырған қоқыстардан газ өндіріп шығаруды көздеп отыр. Бүгінде жобаның бірінші кезеңін іске асырған финдіктер келешекте қоқыстың түрлерін зерттемек. Егер бұл жоба іске асса, қоршаған ортаға келетін залал азаятыны хақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.