Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа ғимарат

c 12:13, 07/11/2019 c 1018

0:00 / 0:00

Орал қаласында автовокзалдың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның құрылысы бес айдың көлемінде аяқталып отыр. Көлемі 900 шаршы метрді алып жатқан ғимарат барлық стандарттарға сәйкес келеді.

Құрылысы бес айға жалғасқан автовокзалдың жаңа ғимараты жолаушыларға қолдануға берілді. Ғимараттың көлемі 900 шаршы метр. Жаңа автовокзал 1000 адамға қызмет көрсете алады.

Ғимараттың ашылу салтанатына шаһар басшысы да қатысты. Қала әкімі нысанның маңыздылығына тоқталып, вокзал басшылығына құтты болсын айтып, жолаушыларға сәт сапар тіледі.

Сондай-ақ, автовокзал ғимаратында ана мен бала бөлмесі бар. Талаптарға сәйкес нысанда мүмкіндігі шектеулі жандардың талап-тілегі де ескерілген. Жаңа ғимараттан алғаш рет жолға шыққан жолаушылар қуаныштарымен бөлісуде.

Қазіргі таңда Оралдың автовокзалынан 6 халықаралық, 2 облысаралық, 40 елді-мекенге автобус қатынайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.