Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа газон орнатылады

c 17:23, 19/06/2019 c 1122

0:00 / 0:00

Оралдағы "Ақжайық" стадионына жаңа газон төселетін болады. Бұл туралы «Ақжайық» ФК бас директоры Азамат Шайхы мәлімдеді. Негізгі стандарт бойынша газонның биіктігі 60-см ден кем болмауы тиіс. Ал қазіргі  орнатылған газон әбден ескірген  тіпті кей жерлері тесіліп қалған. Осы кезге дейін өз алаңымызда  премьер лиганың бірнеше ойыны өтуге тиіс болатын.  Аталған олқылықтарға байланысты бәсеке Ақсайдағы "Қарашығанақ" спорт  кешенінінің алаңында ұйымдастырылды. "Ақжайық" футбол клубының алаңы  шілденің басынан  күзге дейін  уақытша жабылмақ. Қазірдің өзінде спорт кешенінде жөндеу жұмыстарына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаттығу залының жұмысы тоқтатылған. Стадионда қазір 20 ның үстінде қызметкер бар. Әсіресе жаңашылдыққа жаттықтрушылар дән риза. Аталған жаңару жұмыстары жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Шамамен оған жұмсалатын қаржы 160 млн теңге. Ал келер жылы  кәсіпкерлердің  демеушілігімен  жабық алаң салу да жоспарда тұр

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.