Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа аттракцион орнатылады

c 17:32, 20/06/2019 c 741

0:00 / 0:00

Кеше  кешкі сағат 20.25-те қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы шолу дөңгелегінде (Колесо обозрения) техникалық ақау орын алып, аттракцион тоқтап қалған. Биіктігі 24 метрлік аттракционда үлкендермен бірге балалар да болған. Абырой болғанда зардап шегушілер болмаған. Оқиға орынына ТЖД департаменттен және департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан - барлығы 18 қызметкер, 8 техника жіберіліп, олар 18 адамды автобаспа арқылы төменге түсірген. Құтқарылғандардың алтауы бала.Саябақ басшысы Бек Жәңгіровтың түсіндірунше, негізгі аттракцион жетегінің сымарқаны тістеліп қалған.  Бұған дейін қалалық саябақта заманауи, жайлы аттракцион орнатылатыны айтылған болатын. Жоба өткен жылы мақұлданған. Қазіргі уақытта биіктігі 36 метр болатын жаңа аттракцион үшін орын қарастырылып жатырған көрінеді. Яғни, болашақта саябақта жаңа «Шолу дөңгелегі» пайда болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.