Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

“ЖАЙЫҚ ЖАРЫҒЫ” МЕКЕМЕСІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

c 17:43, 23/07/2021 c 1379

0:00 / 0:00

Шаһар тұрғындары бағдаршамдардың жұмысына наразы. Айтуларынша, басым бөлігі мүлде жасамайды. Қалғандары да жиі істен шығып жатады. Ал ол өз кезегінде бұл темір тұлпар иелеріне қауіпті. Салдарынан жол апаты да артып кеткен. Жаяу жүргіншілер болса жолдан өтудің өзі мұңға айналғанын айтады. Қала бойынша жол белгілерін салу мен бағдаршамның мүлтіксіз жұмыс жасауына "Жайық Жарығы" ЖШС жауапты. Осы мақсатта мердігер компаниямен құны 400 млн. теңге болатын үш жылға келісім жасалған. Жоспар бойынша биыл бөлінген қаражатттың 177 млн. теңгесі игерілуі керек екен. Алайда мердігер компанияның кестеден қалыс қалғаны былай тұрсын, жасаған жұмыстары да сапасыз болып шыққан.

Ал мердігер компанияның басшысы кеткен қателіктер мен ақаулардың бар екенін мойындады. Тек жоспардан қалуға белгілі бір себептер түрткі болғанын жеткізді.

Биыл әсіресе қала аумағын абаттандыру жұмыстары ақсап тұр. Гүлзарлардың бәрі жұтап, қурауда. Ал субұрқақтардың басым бөлігі мүлдем іске қосылмай құрғап қалған. Орал қаласында 25 субұрқақ болса, бүгінде тең жартысы ғана жұмыс жасап тұр. Оған қоса айналасы күл-қоқысқа толып, азып-тозып кеткен.

Субұрқақтарды күтіп ұстау жұмыстары бойынша аталмыш мекемеге 63 млн. теңге бөлінген. Қаражат ай сайын уақытылы аударылып отырады. Алайда субұрқақтардың жағдайы сын көтермейді. Мекеме басшысы бұған ауа райын сылтау етіп, жақын арада кемшіліктер жойылады деп сендірді.

Естеріңізге салсақ, тұрғындардың да көңілінен шықпай, наразалық танытуына себеп болған мәселелерді шешуге қала әкімі тамыз айына дейін уақыт берген еді. Енді екі тарап арасындағы түйткілді мәселе сотта қаралатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.