Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заң қашан қазақша сөйлейді?

c 20:51, 15/11/2019 c 881

0:00 / 0:00

Елімізде заң қазақша сөйлемейді. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға жуықтап қалса да, мемлекеттік тілде екі-ақ заң жазылған. Заң әзірлеуші мемлекеттік органдардың заңдарды қазақ тілінде жазуға қауқары жетпей отыр.Бүгінгі қазақ заңдарының мәтіні орыс тілінен аударылады. Оның өзінде кірме сөздерді аударудағы қателіктер тұнып тұр. Заңдарды қазақ тілінде жазу мәселесі бүгін өткен дөңгелек үстелде талқыланды.

Мемлекетік тіл-қазақ тілі. Алайда, елімізде қазақ тілінде жазылған заңды көрмейсің. Өз тілінде заң жазатын дамыған елдерді былай қойғанда, біз сияқты Кеңес дәуірінің бодандығынан шыққан  посткеңестік мемлекеттердің барлығында заңдары мемлекеттік тілде әзірленеді. Ал тәуелсіздік алғанына 28 жыл толған біздің елде  қазақ тілінде екі-ақ заң жазылған.

Түркі тілдерінің ішінде гауһар тіл болып табылатын-қазақ тілінде заң жазу соншалықты қиын ба? Әлде маман жоқ па?  Сауалға жауап іздеп шаршамаған депутаттардың өзі, мәтіні орысшадан аударылған заңдардың қазақ тіліндегі нұсқасы сын көтермейді дейді.

Дөңгелек үстел барысында заң тілінің өзінің стилі бар екенін назарда ұстаған жөн деген пікір айтылды. Заң нормаларының мемлекеттік тілде сөйлемеуіне, заң мәтіндерінің, халықаралық құжаттардың түсінікті болмауына, қазақ тіліндегі заңдардың аударма ретінде қалыптасуына әкеп соғып отыр. Қазақ тілінде сапалы заң жазу үшін тілден хабары бар заңгерлер пулын құру ұсынылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардан заң жобасын қазақ  тілінде әзірлеуді талап ету туралы ұйғарымға келді.

Осылайша қазақша сөйлемейтін заңдарды қазақыландыруға енді кіріспекпіз. Ал жоғарғы заң шығарушы орган яғни Парламент үкімет әкелген заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірленбеген жағдайда кері қайтарып жіберсе, заңдар бірден қазақша сөйлер ме еді деген ой келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.