Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зайсандағы шу

c 09:39, 21/02/2020 c 579

0:00 / 0:00

Корновирус індетінен қорыққан Шығыс Қазақстан облысының  Зайсан ауданына қарасты Сарытерек пен Айнабұлақ ауылдарының тұрғындары көшеге шықты. Олар осы ауылдарда  Қытай тұрғындары үшін карантин ұйымдастырылады деген желіде пайда болған ақпаратқа байланысты алаңдайтындарын айтты. Зайсандағы шуға қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пікір білдірді.

Министрдің айтуынша, шекаралас орналасқан өңір Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жолаушылар тасымалы үшін жабық.  Ал  Қытайлықтар  үшін карантин орналастырылады деген ақпарды жоққа шығарды.  Еске сала кетейік, ақпаннан19-ы күні желіде ШҚО-на коронавирус жұқтырған Қытай азаматтары жеткізілгені туралы ақпарат пайда болды. Бұған жергілікті халық дүрлігіп, қарсылық білдіргенді. Алайда облыс  әкімі Даниал Ахметов  те бұл ақпарат жалған деп мәлімдеп, халықты сабырға шақырды.

Министр Біртановтің сөзіне сенсек, Зайсандағы бас көтеру желіде тараған жалған ақпараттан туындап отыр. Еліміздің бас дәрігерінің айтуынша, Шығыс Қазақстан өңірінде қытайлықтар үшін карантин ұйымдастыру жұмысы жүріп жатқан жоқ. Мәселе,Қытайға тауар алуға барып, шекара жабылған кезде көрші мемлекетте қалып қойған қазақстандықтарға қатысты болып отыр.  Сол азаматтарымызды карантинге жатқызу қажет дейді министр. Жолаушылар үшін шекраа жабық болғанымен, пойыз арқылы жүк тасымалдау жалғасуда. Оған қоса елге келіп жатқан транзиттік тауарлар бар. Осы көілктер арқылы Қазақстанды кесіп өтіп жатқан жүргізушілерді бақылауға аламыз дейді Біртанов.

Қауіпті індеттен қорғану үшін елімізге оралған азаматтарды карантинге жатқызуға міндеттеу шарасы жүріп жатқаны мәлім. Белгілі болғандай,

бүгінде Қазақстанда келісімшартпен жұмыс істейтін Қытай азаматтары бар, олар да карантинге жатқызылады.   Ал бас көтерген Зайсандықтарды  облыс әкімі Даниал Ахметов сабырға шақырып,  халықпен кездесу өткізіп жатыр. Бас дәрігердің айтуынша, әлемді жайлаған қауіпті індет ендігі 29 елде тіркеліп отыр.

Қытай денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, бүгінгі көрсеткіш бойынша қауіпті короновирустан 2118 адам ажал құшты. 74,5 мың адам осы вирусты жұқтырған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.