Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Янайкиндегі игі істер

c 17:42, 12/06/2020 c 949

0:00 / 0:00

БҚО-да жаңадан мал бордақылайтын алаң өз жұмысын бастамақ. Кәсіпорын Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылында орналасқан. Қарағандылық инвестор "74 адамды жұмысқа қабылдаймыз",-дейді. Кәсіпорын биыл 8000-нан астам мал басын бордақылап, 1100 тоннадан астам сиыр етін экспортқа шығармақ.

2020 жылдан бастап Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылында мал бордақылайтын алаң өз жұмысын бастайды. Жаңа нысанның қызметіне білек сыбана кіріскен кәсіпкер биыл 8000-нан астам мал басын бордақылап, 1100 тоннадан астам сиыр етін экспортамақ. Кәсіпорынға 74 азамат жұмысқа қабылданбақшы. Қарағандылық кәсіпкер тек зеңгі бала тұқымын өсіреміз,- дейді. Жұмысын енді бастаған нысанның аяқ алысымен аймақ басшысы Ғали Есқалиев танысты. Кездесу барысында кәсіпкер судың тапшылығын тілге тиек етіп, қордаланған мәселені жіпке тізді.

Биыл Янайкин ауылында орналасқан Батурин мектебі күрделі жөндеуден өтпек. Ғимараттың қабырғасынан өзге, шатыры, едені, есік-терезесі алмастырылады. Мектептің жалпы аумағы 925 шаршы метрді құрайды. Нысан 160 балаға арналған. Жөндеу жұмыстары үшін 194 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Мектептің күрделі жөндеу бағытында 50 адам еңбектенуде.

Өткен ғасырда бой түзеген ғимараттың қасында екі қабатты жаңа нысан бой түземек. Оның ішінде спортзал, асхана мен жетіспейтін сыныптар болады. Күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.