Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халықаралық экологиялық форум өтті

c 17:09, 10/06/2022 c 956

0:00 / 0:00

Облыс орталығында халықаралық экологиялық форум өтті. 2017 жылдан бері Орал қаласында дәстүрлі ұйымдастырылып келе жатқан жиын "Жасыл түрлендіру: трендер мен қиындықтар" тақырыбын арқау етті.

Халықаралық форум барысында Қарашығанақ компаниясының қоршаған ортаны ластамау мен зиянды қалдықтардан арылу бойынша көрмесі жасақталды.

Экологиялық форумда алғашқылардың бірі болып, өңір басшысы сөз алды. Ол форумды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Өткен жылы ұйымдастырылған экологиялық форум қалдықтарды қайта өңдеуге арналған еді. Халықаралық форумның нәтижесінде Орал қаласында ағаш жаңқалары, цемент пен альминий натрийінің қоспасынан кірпіш шығарады. Бұдан бөлек тағамдардың қалдықтарынан сабын жасайтын компания өз қызметіне кіріскен.

Халықаралық форумда сөз алған сарапшылар экологиялық орнықты даму моделіне көшудің маңыздылығына, ESG қағидаттарына тоқталды. Қазақстан табиғат пайдаланушылар қауымдастығының өкілі Галина Артюхина өңірдің 2025 жылға дейінгі даму жоспарына шолу жасап, өзге сарапшылар жастарға экологиялық тәрбие беру мәселесіне тоқталды. Осы халықаралық форумда студенттерге арналған секция жұмыс жасады. Өскелең ұрпақ демекші, Орал қаласында екі мектепте эко жоба жүзеге аспақ.

Рафхат Халеловтың суреті

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.