0:00 / 0:00
Ақтөбеде әскери институттың басшысы ұсталды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы, авиация генерал-майоры пара алды деген күдікке ілінген. Онымен бірге тағы бір әскери қызметші де қолға түсті. Ол пара берді деген күдікке ілініп отыр. Қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, күдіктілерді 12 қараша күні таңертең Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері ұстаған. Екінші күдікті әскери институттың азық-түлік қызметін басқарған. Әзірге параның болжамды сомасы мен істің өзге де мән-жайы жарияланған жоқ. Құзырлы органдардан ресми түсініктеме күтілуде. Күдіктілердің кінәсі сот үкімімен дәлелденген жоқ.







